Бағыттардың бірі респонденттер жиі пайдаланатын бухгалтерлік бағдарламалық кешендерден есептік деректерді автоматты түрде түсіру болып табылады (мысалы, ЭҮСШ арқылы интеграциялау жолымен автоматтандырылған жүктеу, XML форматтары арқылы жүктеу және басқалары).
Осыған байланысты, 1-ТС (айлық), 2-МП (тоқсандық, жылдық) 1-ПФ (тоқсандық, жылдық) 1-Т (тоқсандық, жылдық) 2-Т (жылдық) статистикалық нысандары бойынша есептілікті тапсыру шеңберінде «Е-Статистика» ИАЖ-да деректерді жүктеу үдерістерін ықтимал интеграциялауды және/немесе автоматтандыруды қарау үшін ҚР аумағында бухгалтерлік бағдарламалық кешендерді пайдалануда танымал барлық қызмет берушілерді ынтымақтастыққа шақырамыз.
Өзара іс-қимыл және техникалық талаптар мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 95-56-98, 55-24-22, 55-24-32.
8 тамыз 2022 ж.